Сұрақтар мен жауаптар

Тіркелу

1. Сайтты қолдану үшін shop.beeline.kz-те тіркелу қажет пе?
Жоқ, тіркелу қажет емес.

2. Тауар сатып алу үшін Beeline абоненті болу міндетті ме?
Жоқ.

3. Мен Beeline абонентімін, мен үшін арнайы ұсыныстар қарастырылған ба?
Арнайы ұсыныстар әзірше жоқ, бірақ жақын арада дайындалмақ.

Тауарды таңдап алу

4. Тауарды қалай іздеуге болады?
Тауарды іздеу функциясы арқылы тауар брендін, атауын немесе қажетті категорияның атауын (смартфон, ноутбук т.с.с.) енгізіп табуға болады, немесе тауарлардың Каталогы арқылы, тиісті бөлімдерге кіріп, фильтрді қолданып табуға болады.

5. Іздеуді қалай қолдануға болады?
Өзіңізге қажетті сұранысты категориялар мәзірінің жоғарысында орналасқан іздеу жолына енгізіңіз. Сіз тауар брендін, категориясын, жеке сипаттамаларын енгізе аласыз.

6. Фильтрлерді қалай қолдануға болады?
Таңдалған параметрлер арқылы тауарларды қарау үшін, қажетті категорияға кіріп, сол жақта орналасқан блоктан қажетті фильтрлерді қолданып, таңдау жасай аласыз.

Тапсырыс

7. Сайтта тапсырыс қалай беруге болады?
Қажетті тауарды анықтағаннан соң, тауар бетіне өтіп, біздің серіктестеріміздің ұсыныстарынан сізге лайықтысын таңдап, «Сатып алу» батырмасын басыңыз, содан соң барлық қажетті деректерді толтырып, тапсырысты жеткізу және төлеу тәсілін таңдаңыз. Назар аударыңыз: жеке деректеріңізді толтырғанда телефон нөміріңізді дұрыс енгізгеніңізді тексеріңіз, себебі тауарды алар кезде, нөміріңізге растау коды жіберіледі, оны дүкен қызметкеріне көрсету қажет.

8. Тапсырысты қалай төлеуге болады?
Сатушының дүкенінде қолма-қол төлеу тәсілі арқылы, және жеткізіп беру кезінде курьер арқылы төлей аласыз. Жақын арада басқа да төлеу тәсілдерін қосатын боламыз: банк картасы арқылы, мобильді теңгерім арқылы, бөліп төлеу және кредит.

9. Жеткізу шарттары қандай?
Жеткізу шарттарын тауарды рәсімдеу кезінде біле аласыз. Қазіргі уақытта Beeline дүкен тек Алматы қаласы аумағында жұмыс жасайды, жақын арада басқа да қалаларда қосылу жоспарда бар.

10. Тапысырысты қалай кері жойсам болады?
Тапсырысты кері қайтарғыңыз келсе, Beeline дүкеннің call орталығы менеджері немесе сатушы дүкеннің қызметкері хабарласқан сәтте айтып, тапсырысты жоюға болады.

11. Тапсырысты қалай қайтарсам болады?
Егер сатып алынған тауар сізге ұнамай, қайтарғыңыз немесе ауыстырғыңыз келсе, 14 күн ішінде еш қиындықсыз қайтара аласыз. Ол үшін біздің серіктесімізге сатып алған кезде берілген барлық құжаттармен келіп, ауыстыра немесе қайтара аласыз.

12. Кепілдіктің шарттарын қалай білсем болады?
Кепілдік шарттарын сатушы дүкен қызметкері хабарласқанда немесе жетікізіп беру сәтінде біле аласыз.