Бұқаралық келісімшарт

 

Осы жария оферта shop.beeline.kz интернет-ресурсына (ары қарай - сервис) кірген заңды және жеке тұлғаларға (ары қарай - Қолданушы) арналады.

shop.beeline.kz интернет-ресурсында (сервис) Қолданушының тауар сатып алуы оның осы офертаның барлық шартымен келісетінін білдіреді.

 

Жалпы ережелер

  1.  

1. «Кар-Тел» ЖШС (ары қарай – Оператор) Интернет-ресурс ұсынады, сол жерде Қолданушы, Сатушылар тарапынан құрылып, ұсынылатын азық-түлік жинағына (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды қамтитын) тапсырыс бере алады.

2. Интернет-ресурста жарияланған шарттармен, жария офертаның мәтінімен таныса отырып, Қолданушы Қолдау қызметінің операторына қоңырау шалған кезде 8 (771) 788 88 87 Beeline нөміріне аудару арқылы төлейді.

3. Оператор азық-түлік жинағына кіретін тауарлардың сапасына жауап бермейді.

4. Оператор Қолданушы тапсырыс берген азық-түлік жинағын, тапсырыста Қолданушы көрсеткен мекенжайға дейін жеткізу қызметіне жауапты болады. Жеткізу мерзімін Оператор белгілейді және ол өзгеруі мүмкін. Оператор тапсырысты жеткізу уақытының өзгергені туралы Қолданушыға хабарлайды.

5. Тапсырысты тоқтатқанда, Қолданушы Оператордың Қолдау қызметіне хабарласа алады. Тапсырысты тоқтату және төленген соманы қайтару тапсырыс тоқтатылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде теңгерімді толтыру арқылы жүзеге асады.

6. Сапасы нашар таурады қайтарғанда, Қолданушы Операторға да, Сатушыға да хабарласа алады. Операторға хабарласқанда, Оператор тауарды Қолданушыдан дербес алады.

Оператор өтініш ресімделген сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде, Сатушыдан ақшаны алу шартымен, теңгерімді толтыру арқылы ақша қаражатын қайтарады.

7. Қолданушы тапсырыстың мәртебесі туралы ақпаратты, жаңарған ақпаратты, соңғы жаңалықтарға, жаңа ұсыныстарға, арнаулы ұсыныстар мен Оператордың және/немесе Сатушының тауарларына, жұмыстарына, қызметтеріне қатысты ақпараттық хабарламаны, сондай-ақ жаңалықтар мен ұсыныстар туралы ақпаратты SMS арқылы алуға келіседі.  Оператор өз қалауымен, алдын ала хабарламай, Интернет-ресурста жарияланған кез келген ақпаратты, деректерді, соның ішінде азық-түлік жинағын өзгертуге құқылы. Бұл орайда, азық-түлік жинағы туралы ақпарат пен деректі Сатушы ұсынады, осы ақпараттың мазмұны мен нақтылығына Оператор жауап бермейді.

8. Оператор Қолданушылармен алдын ала келіспей, өзгерген шарттарды Интернет-ресурста жариялай отырып, бір жақты тәртіппен осы ұсыныстың шарттарын кез келген сәтте өзгертуге құқылы.

9. Қолданушының Интернет-ресурсқа кіруі немесе оны қолдануы, Қоллданушының дербес деректерінің Операторға берілетініне және оның үшінші тұлғаларға берілуіне оның келісетінін растайды.

 

  • 1. shop.beeline.kz интернет-ресурсын (бұдан әрі - интернет-ресурс) қолдану шарттары мен тәртібі бұл Бұқаралық келісімшартта (бұдан әрі - Бұқаралық келісімшарт) регламенттеледі.
  • 2. Интернет-ресурсың қолданушысы интернет-ресурсқа кірген жеке немесе заңды тұлға болып табылады (бұдан әрі - Қолданушы).
  • 3. Қолданушының интернет-ресурсты қолдануы оның бұқаралық келісімшартпен толыққанды келісетіндігін растайды.
  • 4. Интернет-ресурс Қолданушыға Сатушылар (бұдан әрі - Сатушылар) сатуға ұсынған тауарды (бұдан әрі - Тауар) Сатушыдан алынған тауар туралы ақпаратты (бағасы, сиапттамасы, суреті, сатушы туралы және т.б.) қолданушы үшін техникалық шешімдермен ыңғайлы түрде ұсыну арқылы іздеу, қарау және таңдау электронды қызметін көрсетеді.
  • 5. «Кар-Тел» ЖШС (бұдан әрі -Оператор) Тауардың сатушысы емес. Тауар туралы және Сатушыдан Тауарды таңдау және сатып алуға қатысты ақпарат тек ақпарат беру мақсатында берілген және бұқаралық сату ұсынысы емес. Тапсырысты рәсімдеу, офертасы, акцепті, сатып алу, жеткізу, сапасы мен саны, Тауар құны, сатып алу-сату шартын немесе басқа келісімдерді жасау және орындау Сатушы мен сатып алушы арасында Оператордың қатысуынсыз орындалады.
  • 6. Интернет-ресурста келісімдер офертасы мен акцепттері, ақылы транзакциялар жүргізілмейді.
  • 7. Оператор Интернет-ресурсты қолданған Сатып алушының, Сатушының немесе басқа да үшінші тұлғалардың шығындарына, іс-әрекеттері мен шешімдеріне, оларға келтірілген зияндарына жауап бермейді.
  • 8. Оператор Қолданушыға Сатушының сайтына өту барысында келтірілен зиянына, сонымен қатар, Интернет-ресурста болып жатқан профилактикалық, техникалық жұмыстар, функциялардың өзгертілулері, сайтпен қатынасу мүмкіндігінің болмауына жауап бермейді.
  • 9. Қолданушы Интернет-ресурсқа сертификатталмаған құрылғы мен бағдарламалық жасақтама қолдану нәтижесінде зиян келтіргені үшін жауап береді.
  • 10. Оператор Интернет-ресурста орналастырылған кез-келген ақпаратты алдын-ала ескертусіз өзгерте алады. Сондай-ақ, Тауар туралы ақпарат Сатушыдан алынады, Оператор берілген ақпараттың мазмұны мен дұрыстыған жауап бермейді.
  • 11. Оператор бұл Бұқаралық келісімшарттағы кез-келген ақпаратты алдын-ала ескертусіз өзгерте алады.
  • 12. Интернет-ресурста орналасқан кез-келген Тауар белгісі, фирмалық атаулар және тауарға қатысты интелектуалы меншік объектілерге сай шағымдар Сатушыға жеткізілуі тиіс.