Осы жария оферта shop.beeline.kz интернет-ресурсына (ары қарай - сервис) кірген заңды және жеке тұлғаларға (ары қарай - Қолданушы) арналады.
shop.beeline.kz интернет-ресурсында (сервис) Қолданушының тауар сатып алуы оның осы офертаның барлық шартымен келісетінін білдіреді.
Жалпы ережелер
1. «Кар-Тел» ЖШС (ары қарай – Оператор) Интернет-ресурс ұсынады, сол жерде Қолданушы, Сатушылар тарапынан құрылып, ұсынылатын азық-түлік жинағына (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды қамтитын) тапсырыс бере алады.
2. Интернет-ресурста жарияланған шарттармен, жария офертаның мәтінімен таныса отырып, Қолданушы Қолдау қызметінің операторына қоңырау шалған кезде 8 (771) 788 88 87 Beeline нөміріне аудару арқылы төлейді.
3. Оператор азық-түлік жинағына кіретін тауарлардың сапасына жауап бермейді.
4. Оператор Қолданушы тапсырыс берген азық-түлік жинағын, тапсырыста Қолданушы көрсеткен мекенжайға дейін жеткізу қызметіне жауапты болады. Жеткізу мерзімін Оператор белгілейді және ол өзгеруі мүмкін. Оператор тапсырысты жеткізу уақытының өзгергені туралы Қолданушыға хабарлайды.
5. Тапсырысты тоқтатқанда, Қолданушы Оператордың Қолдау қызметіне хабарласа алады. Тапсырысты тоқтату және төленген соманы қайтару тапсырыс тоқтатылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде теңгерімді толтыру арқылы жүзеге асады.
6. Сапасы нашар таурады қайтарғанда, Қолданушы Операторға да, Сатушыға да хабарласа алады. Операторға хабарласқанда, Оператор тауарды Қолданушыдан дербес алады.
Оператор өтініш ресімделген сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде, Сатушыдан ақшаны алу шартымен, теңгерімді толтыру арқылы ақша қаражатын қайтарады.
7. Қолданушы тапсырыстың мәртебесі туралы ақпаратты, жаңарған ақпаратты, соңғы жаңалықтарға, жаңа ұсыныстарға, арнаулы ұсыныстар мен Оператордың және/немесе Сатушының тауарларына, жұмыстарына, қызметтеріне қатысты ақпараттық хабарламаны, сондай-ақ жаңалықтар мен ұсыныстар туралы ақпаратты SMS арқылы алуға келіседі. Оператор өз қалауымен, алдын ала хабарламай, Интернет-ресурста жарияланған кез келген ақпаратты, деректерді, соның ішінде азық-түлік жинағын өзгертуге құқылы. Бұл орайда, азық-түлік жинағы туралы ақпарат пен деректі Сатушы ұсынады, осы ақпараттың мазмұны мен нақтылығына Оператор жауап бермейді.
8. Оператор Қолданушылармен алдын ала келіспей, өзгерген шарттарды Интернет-ресурста жариялай отырып, бір жақты тәртіппен осы ұсыныстың шарттарын кез келген сәтте өзгертуге құқылы.
9. Қолданушының Интернет-ресурсқа кіруі немесе оны қолдануы, Қоллданушының дербес деректерінің Операторға берілетініне және оның үшінші тұлғаларға берілуіне оның келісетінін растайды.