Мультипісіргішті сатып алу қолма-қол ақшаға, несие немесе бөліп төлеу арқылы Beeline Shop интернет-дүкенінің сайтында рәсімдей аласыз.

Мультипісіргіш - көп функционалды тұрмыстық техника, ол қуыруға арналған табаның, кастрюльдің және тұтастай ас үйдегі пештің орнын басуы мүмкін. Бұл электр құрылғысының негізгі тағайындамасы – қуырылған, суға пісірілген, бұқтырылған тағамдар пісіру. Кей модельдер буға пісірілген тағамды және қысым астында дайындай алады. Қазіргі кезде өндірушілер функционалды модельдер жасап шығаруда, олардың көмегімен табиғи йогурт, бәліштер, печеньелер және нан пісіре аласыз.

Мультипісіргішті қалай таңдау керек?

Көптеген аспаздар оңтайлы мультипісіргіштіті қалай таңдауға болатынын білмей, елеулі қиындықтарға тап болады. Ең алдымен оның негізгі талаптарын анықтау қажет. Сондай-ақ, сіз үшін немесе сіздің отбасыңыз үшін қажетті тағам көлемін де ескеруіңіз керек. Пісіруді көп жоспарласаңыз, ыдыс көлемі көбірек болуы керек. Егер сіз бұл жабдықты қарқынды пайдаланғыңыз келсе, алты литрден асатындарына назар аударыңыз. Бір адамның пайдалануына үш литрлік үлгілер жарайды.

Әрбір құрылғының қуатына назар аудару керек. Негізгі жұмыс үшін 800 Вт-қа дейінгі қуаттылықты қамтамасыз ететін көпқабатты мультипісіргіштер жеткілікті. Күрделі аспаздық тағамдар үшін үшін сізге қуатты модельдерді таңдау керек. Құрылғының қуаты толығымен тостағанның көлеміне байланысты. Ол үлкен болса, тамақ дайындау үшін неғұрлым көбірек күш қажет болады.