Beeline-дағы Trade-in бағдарламасы

Ескі Apple құрылғыңызды жаңасына тиімді шарттармен ауыстырыңыз

Қалай істейді?

Beeline кеңсесіне хабарласқан соң

1-қадам. Серіктестеріміз ескі девайсыңызды толық бағалап, диагностика жасайды

2-қадам. Ескі құрылғыңызды сатып алу-сату шартына жасасып, ескі құрылғыны сатып алатын сома көрсетілген сертификат аласыз

3-қадам. Енді жаңа Apple құрылғысын сертификатта көрсетілген соманы шегеріп сатып ала аласыз

Маңызды!

- Жеке куәлік немесе төлқұжатыңызды ала келуіңіз керек;

- Бағдарламаға күнде 10:00 - 18:00 аралығында қол жеткізуге болады

- Iphone-ның iPhone 6 - iPhone12 үлгілері қабылданады;

- Жаңа смартфонның ақысы тек нақты ақшамен немесе нақты ақшасыз қабылданады, бөліп төлеу қарастырылмаған.

Trade-in бағдарламасымен құрылғыларды өткізуге және сатып алуға болатын кеңсенің мекенжайы

- Алматы қ., Тимирязев көшесі 40 және Жібек Жолы көшесі 98;

- Нұр-Сұлтан қ., Республика даңғылы 16 және Қабанбай батыр даңғылы 62 (ОСО Mega Silk Way);

- Шымкент қ., Бауыржан Момышұлы даңғылы 2А.

FAQ

Сатып алуға байланыс немесе тариф жоспары кіре ме?
- Смартфонды келісім шартпен аласыз ба, жоқ па соған байланысты

Клиент Beeline абоненті емес. Ол бағдарламаға қатыса ала ма?
- Иә, егер клиент смартфонды нақты ақшаға алғысы келсе. 2-кезеңде бөліп төлеу жоқ, тек нақты ақшамен есеп айырысу керек.   

Бағалау қанша уақыт алады?
- Бағалауға 5-7 минут кетеді

Басқа бренд смартфондарын өткізуге бола ма?
- Әзірге ондай мүмкіндік жоқ

Тауарды өткізуге болатын кеңсе қай жерде?
- Кестені қараңыз

Тауарды бағдарлама бойынша ресімдеуге қандай құжат керек?
- Trade-in бағдарламасына қатысу үшін жеке куәлік немесе төлқұжатты көрсету керек

Неше құрылғы өткізуге болады?
- Өткізілетін құрылғылар саны шектелмеген

Бағалау ақылы ма?
- Жоқ. Бағалау тегін

Сертификатты кім қолдана алады? Сертификатты сыйлауға бола ма?
- Сыйлауға болады. Ең бастысы сертификаттың түпнұсқасымен келу керек. Оған қатысты барлық ақпарат жүйеде сақталады (іске қосылған құны, атаулы құны)

Өткіізлген бірнеше құрылғының орнына 1 сертификат алуға бола ма?
- Әзірге ондай мүмкіндік жоқ. Өткізілген 1 құрылғыға 1 сертификат беріледе.

Жаңа смартфон сатып алғанда, неше сертификат қолдануға болады?
- Тек 1

Несиеге немесе бөліп төлеуге сатып алғанда, сертификатты пайдалана аламын ба?
- Жоқ. Әзірге тек нақты ақшамен есеп айырысу кезінде қолдануға болады (банк картасымен төлегенде)

Жаңа смартфон сатып алмай, құрылғының ақшасын алуға бола ма?
- Жоқ, сертификатты ақша айналдыру мүмкін емес.

Сертификатты қайда және не үшін қолдануға болады?
- Тек Beeline-да және тек Apple брендінің смартфонын сатып алуға

Егер сертификатта көрсетілген сома смартфон құнынан артық болса, айырмасын маған қайтара ма?
- Жоқ. Қалған сома қайтарылмайды

Бағалау қалай жүреді?
- Тауардың құнын анықтау үшін, Grade ұсынылады, құрылғының жағдайы мен нарықтағы орташа құны ескеріледі. Толық ақпаратты серіктестің қызметкерлері айтып береді

Б/қ тауарға қандай талаптар қойылады?
- Тауар клиентке тиесілі болуы және даулы, бұғаттаулы, кепілде және т.с.с. болмауы керек. Тапсырар кезде бәрін бұғаттан босату керек

Тауардың мөлшерлі құнын сайттан білуге бола ма?
- Өкінішке қарай, әзірге ондай мүмкіндік жоқ. Бірақ жуырда сондай ақпарат шығады

Б/қ тауарды бағалау құнына не әсер етеді?
- Үлгісі, сыртқы жағдайы, техникалық жағдайы, зауыт қаптамасы мен керек-жарақтарының болуы

Телефон қорабын, керек-жарақтарын алып келу керек пе?
- Шарт емес. Бірақ жинақтың болуы/болмауы бағалау құнына әсер етеді